ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы су тасқыны кезеңіне қатысты ахуал қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы су тасқыны кезеңіне қатысты ахуал қаралды

Әлихан Смайылов аса қауіпті учаскелердің маңында арнайы техника мен инертті материалдар қорларын шоғырландырып, өзендердегі мұз жару жұмыстарын жалғастыру және көлік қатынасы тоқтап қалуы мүмкін елді мекендерді алдын ала анықтау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр жылу беру маусымы мәселесіне тоқталды. Үкімет басшысы қыста Екібастұзда, Рудныйда және Риддерде болған жағдайды еске салды.

Үкімет басшысының сөзінше, биылдан бастап:

энергетикалық бақылау жұмысы күшейтілмек;
оның штат саны 75 адамға ұлғайтылады;
сондай-ақ заң жүзінде энергия объектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізу құқығы берілетін болады.