Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімінің қабылдауында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың көпшілігі Семейдегі көшелерді жарықтандыру мәселесіне қатысты болды. Атап айтқанда, Ақтөбе көшесі, Шұғаев көшесі, 14 ықшамауданы мен Силикатный кентіндегі көшелердің жарықтандыруы.

Аймақ басшысы атап өткендей, аталған мекенжайларға сала мамандары барып, жарықтандыру мәселесі қосымша қарастырылады.

Сондай-ақ қабылдау барысында панасыз үй жануарларына қатысты «Семей-вет» КМК мәліметі бойынша, жыл басынан бері қалада 816 бас ит пен мысық ауланғандығы, оның ішінде 38 иттің Комсомольский ауылында ауланғандығы айтылды. Естеріңізге салар болсақ, өңіріміздің тұрғындары панасыз жануарларды байқаған жағдайда, 63-34-43 нөміріне хабарласа алады. Аулау қызметі сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді және азаматтардың өтініштерін қабылдайды.

Бұл ретте, азаматтарды қабылдау барысында өңір басшысы облыс тұрғындарының бірқатар сауалдарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысы әкімінің қабылдауына көрсетілген телефон нөмірі арқылы жазылуға болады: 8 (7222) 52 39 21.