
Абай облысының алғашқы Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтуде.
Облыстың елді мекендерімен қоса алғанда барлығы 265 киіз үй құрылған. 22 наурызда аудандар мен қалаларда 10 000 литр наурыз көже, 50 000 бауырсақ таратылады. Әр ауданда концерт, көрмелер, спорттық жарыстар және ұлттық ойындар өтеді.