Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңару мен жасампаздық бастауы, ырыс пен ынтымақ арқауы болған мейрам баршамызға құтты болсын!

Әз-Наурыз - халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдыратын жақсылық пен жаңашылдықтың жаршысы. Тамырын тереңнен тартқан Ұлыстың ұлы күні – біртұтас бірліктің, тату тірліктің берік негізі.

Дана халқымыз бұл күні бір-біріне амандық тілеп, келер күнге зор үміт артқан.
Наурыз – достықтың мерекесі.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа қуаныш пен бақыт алып әкелсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!