Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағының инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды ұстады

Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағының инспекторлары  табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды ұстады

Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағының инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды ұстады.

Өткен демалыс күндері Үржар ауданындағы аңшылық алқаптарының резервтік қорының аумағында аң аулау ережелерін бұзу фактілері анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Сонымен қатар, аңшылық қаруды рұқсатсыз пайдалану бойынша заң бұзушылық фактілері анықталды. Іске қатысты материалдар мен айғақтар Үржар ауданының полиция бөліміне берілді. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаев атап өткендей, мұндай рейдтер бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі. Басқарма басшысы браконьерлік және ағаштарды кесу жағдайлары орын алғанда хабарласуға болатын сенім телефонымен бөлісті.

-Абай облысында браконьерлікке қарсы күресте жұмыс күшейтілді. Осыған байланысты облысымыздың азаматтарын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңның талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырамын. Құқық бұзушыларға қатысты ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Егер сіз браконьерлік, заңсыз аң аулау, ағаштарды кесу және басқа да бұзушылықтар фактілерін білсеңіз, мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 87715377999, - деп атап өтті Тоқтыбаев.