
Қалада барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
“Сайлауға өз дауысымды беру үшін таңғы бесте оянып, дауыс беруге келдім. Бұл менің жылдағы әдетім. Барлық семейліктерді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Дауыс беру халықтың отан алдындағы борышы деп білемін. Жер бетінде ешқандай соғыс болмасын, сайланған депутаттарымыздың аяғы құтты болып, біздің Елімізге - Қазақстан Республикасына бақыт әкелсін. Көңіл-күйім өте жақсы”,- дейді Орал Шәріпбаев.
Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында бейнебақылау жүргізіледі, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылайтын байқаушылар жұмыс істейді.
Таңертеңгі сағат 7-де қалада 149 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның 19–ы жабық, 22 - сі ауылдық округтерде орналасқан.