
Абай облысы бойынша барлығы 478 сайлау учаскесі бар, сайлаушылардың жалпы саны 416 030 адамды құрайды. Облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 22,3 мың адамды құраса, сайлаушылар саны 2 684. Оның ішінде мүгедектер арбасын пайдаланатындар – 914, нашар көретіндер – 1 181, саңырау және мылқау адамдар саны – 589.
Барлық сайлау учаскелері ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған – учаскеге кіру кезінде пандустар, тактильді көрсеткіштер бар. Мүгедектерге арналған шақыру түймелері, Брайль түріндегі тактильді тақтайшалар, шағылыстыратын сары жолақтар орнатылған. Сондай-ақ, жоғары табалдырықтары бар сайлау учаскелерінде дауыс беру уақытына портативті пандустармен қамтамасыз етілген.
Дауыс беру күні 16 машина 3 елді мекенде инватакси қызметін көрсетеді (Семей қаласы бойынша - 12, Аягөз ауданында - 3, Жарма ауданында - 1). Қалған өңірлерде қажет болған жағдайда дауыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдар тасымалдаумен қамтамасыз етілетін болады.
Бүгінгі таңда инватакси қызметіне көру қабілетінен толық айырылған 47 адамнан, кресло-арбаларды пайдаланатын 56 адамнан өтініш келіп түсті.