Еске салар болсақ, жаңа Абай облысы құрылған сәтте Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарын Абай ауданынан бастаған болатын

Еске салар болсақ, жаңа Абай облысы құрылған сәтте Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарын Абай ауданынан бастаған болатын

Айтылды

2022 жылғы 29 маусымда тұрғындардың сауалдарына жауап берген аймақ басшысы Еңлік-Кебек кесенесін жөндеу жоспары мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын лайықты атап өтудің маңыздылығын айтқан болатын.

Бұл ретте өңірде Бөрілі мен Ақшоқыға баратын жолдарды жөндеу және балалар лагерін салу қажеттігі айтылды.

Орындалды

29 қыркүйекте Абай ауданында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай қалпына келтірілген Еңлік-Кебек кесенесінің салтанатты ашылуы өтті.

2023 жылы Аягөз-Қарауыл-Р23-Семей-Қайнар (154-198 км) және Ақшоқыға 0-21 км кіреберіс жолын орташа жөндеуден өткізу және Бөрілі ауылына кіреберіс жолды күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Лагерь құрылысы ағымдағы жылға жоспарланған.