Абай облысының энергетика және ТКШ басқармасы «Отбасы Банк» АҚ және Абай облысының мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп «Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау» тақырыбында брифинг өткізді

Абай облысының энергетика және ТКШ басқармасы «Отбасы Банк» АҚ және Абай облысының мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп «Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау» тақырыбында брифинг өткізді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй қорында жалға берілетін тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін төлемдер мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен 50 % және алушылардың есебінен 50% тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады.

Төрт санат бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар: I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және көп балалы отбасылар жалдау төлемдері бойынша мемлекеттің қолдауына үміткер бола алады. 

Бұл ретте жалдау бойынша субсидия алуға үміткер отбасылардың соңғы алты айдағы орташа айлық жиынтық табысының мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс. 

Жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру алгоритмдері туралы толық ақпаратпен +7(7222)60-47-03 телефон арқылы және "Отбасы банк" АҚ сайтында www.hcsbk.kz "Қолжетімді баспана" бөлімінде, сондай-ақ Абай көшесі, 115/1 мекенжайындағы банк бөлімшесінде танысуға болады (Шіркеу аялдамасы).