
Бұл туралы Абай облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев атап өтті.
Семей қаласының мемлекеттік сатып алу және жылу көздері саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу туралы сұрақтар қаралды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов атап өткендей, көмірді ұрлаудың бұлыңғыр механизмі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Ол 2014 жылы ЖЭО белгісі бар жүк көліктерінен көмір ұрланғанын еске салды. Бұған Кашковскаяның қылмыстық ісі дәлел.
Осы ретте «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының жаңа басшысы Серік Төленбергенов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Мәселен, 2022 жылдың қыркүйегінде 1-ЖЭО-ның қорытынды бақылауында көмірді есепке алу үшін жүк таразылары орнатылды.
Көмір тасымалдайтын көліктер маршрутты бақылау үшін jps навигаторларымен жабдықталған. Ашықтық үшін бүгінгі күні Семей қаласындағы қалған барлық қазандықтарға таразы орнатуға бюджеттік өтінім берілді.
Мемлекеттік сатып алуларға да назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев тиісті басқармаларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспарын әзірлеуді тапсырды.