Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласын жылумен жабдықтау жобалары бойынша zoom-кездесу өткізді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласын жылумен жабдықтау жобалары бойынша zoom-кездесу өткізді

Айта кетер болсақ, Қазақстанның жылу желілерінің тозуы қазіргі таңда 80 пайызға жетті. Бұл ахуал Абай облысына да қатысты. Сонымен қоса, Семейде 20 жылу көзі – бір ЖЭО және 1930 жылдардан бері салынған 19 қазандық бар.

Жиын барысында Абай облысын кешенді дамытудың жоспарына енген жылумен қамтамасыз ету нысандарын қалпына келтіру, жөндеу және құрылыс жұмыстары бойынша жобалау ұйымдары өкілдерімен талқыланды.

- Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүзеге асуы қажет. Бұл маңызды міндет. Мәселе ортаға салып талқыланған жағдайда шешімі табылады. Сол үшін сіздермен жиі кездесіп, жұмыс барысы талқыланып отыратын болады, - деп қорытындылады Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.