
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында атап өтті. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың бірі Ақсай көшесіндегі тұрғын үйлердегі жарықтың мәселесі еді.
Аймақ басшысы түсіндіргендей, мердігер ұйым жоғарыда көрсетілген жұмыстарды аяқтағаннан кейін абоненттерге жеке шарттар жасасуға және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-де дербес шоттар ашуға болады.
Сондай-ақ қабылдау барысында тұрғын үй аумағындағы ойын алаңдарын абаттандыру мәселесіне қатысты Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 14-ші шағын ауданды абаттандыру мәселесін қарастырып жатқандығы айтылды.
Ал ұлттық қолөнер фестивалін ұйымдастыруды сұраған азаматқа 2023 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспарында «Қазақ халық қолөнерінің фестивалі» енгізілгені айтылды.
Бұл ретте, азаматтарды қабылдау барысында өңір басшысы облыс тұрғындарының бірқатар сауалдарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының әкімінің қабылдауына көрсетілген телефон нөмірі арқылы жазылуға болады: 8 (7222) 52 39 21.