
Осыдан тура бір жыл бұрын 2022 жылдың 16 наурызында Мемлекет басшысы әкімшілік орталығы Семей қаласы болатын Абай облысын құру туралы тарихи шешімді жариялады.
Өңірді дамытудың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104,9% құрады. Салалар арасында құрылыс (108,8%), тау-кен өнеркәсібі (111,6%), көлік және қойма (100,6%) салалары оң динамиканы көрсетуде.
Өңдеу өнеркәсібі де оң өсу қарқынын сақтауда. Өткен жылы өндіріс көлемі 6% - ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімін шығару 473,3 млрд. теңгеге жетті.
Жыл басында Абай облысының алдағы 5 жылға арналған кешенді даму жоспары бекітілді. Облысты дамытудың Кешенді жоспарында барлығы 9 бағыт бойынша 102 іс-шара қарастырылған. Жоспардың жалпы бюджеті шамамен 1,9 трлн. теңге. «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» теміржол учаскесін, тау-кен байыту комбинатын салу және «Айдарлы» мыс кен орнын өнеркәсіптік игеру, «құрғақ» порт пен логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылатын болады.