Кран – жоғары қауіп көзі!

Кран – жоғары қауіп көзі!

Күннің жылуымен  құрылыстардың қызған уақыты басталады. Тез салынатын ғимараттардың құрылысы жағдайында жүк көтергіш крандар маңызды рөл атқарады. Крандардың әр түрлілігі құрылысшыларға климаттық, технологиялық жағдайларға байланысты крандардың бір немесе басқа түрін таңдауға мүмкіндік береді. Алайда, әртүрлі модификацияға қарамастан, барлық крандар құрылысшылардың өздері үшін де, өтіп бара жатқан азаматтар үшін де қауіпті төндіретін ұмытпауымыз керек. Кәсіпорындардағы крандарда да ұқсас жағдай.

Кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді, оның мазмұны жауапты тұлғалардың міндеттерін, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі шараларды қамтиды. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғаларды тағайындау, қауіпті өндірістік объектілер, оның ішінде крандар пайдаланатын кәсіпорын қызметкерлерін дайындау, қайта даярлау және білімін тексеру қамтамасыз етіледі. Крандарды жарамды күйде ұстау мақсатында пайдаланушы ұйымдардың иелері немесе басшылары тиісті тексеруді, уақтылы куәландыруды және сапалы жөңдеуді қамтамасыз етеді.

Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне жүргізілген тексерулерді талдау, мынандай бұзушылықтарды жиі кездесетінін көрсетеді:

Шекті ажыратқыштардың істен шығуы;

Иілген, өзегі сығылған, ұсақталған учаскелері бар арқандарды пайдалану,;

Техниқалык күәландыруды уақтылы жүргізбеу;

Жұмыс істеген крандардың нормативтік қызмет ету мерзімін техниқалық диагностикалауды уақтылы жүргізбеу;

Кран машинистерінің, стропальшиктердің дайындығын, қайта даярлауды және білімін тексеруді уақтылы жүргізбеу.

Бұл бұзушылықтарға басшылық, жауапты тұлғалар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі салдарынан жол берілді. Осы адамдарға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту бойынша тиісті шаралар қабылданады. Айта кету керек, бұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша белгіленген ережелер-көзделген жеке тұлғаларға 10 мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

  Бейлханов Е.М.

  Абай облысы бойынша ҚР ТЖМ ӨҚК бас маманы