
️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық Азия елдерінің мүфтилері, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдар кеңесіп және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, осы жылғы Рамазан айының тәртібі туралы ортақ шешім қабыланған.
-Биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі. Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді, - деді өкіл имам.
Пітір садақаны еліміздегі барлық мешіттерде немесе Kaspi қосымшасы арқылы беруге болады.
Абай облысы бойынша Рамазан айының әр аптасында "Қайырымды жұма"акциясы өтеді. Онда саудаланатын өнімдер мен тауарларды халыққа 10-15 пайыз төмен бағада сатуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар "Рамазан қоржыны" атты бастамамен мұқтаж отбасыларға алдын ала жасалынған тізім бойынша азық-түлік таратылады. Ол үшін тұрғындар мешіт қызметкерлеріне жолығуы керек.
️«Шарапатты Рамазан» атауымен мешіттерде ауызашарлар беру және «Рамазан тәттісі» акциясымен балаларға базарлық тарату ұйымдастырылады.