
Музей топтамасы еліміздің бейнелеу өнерінің ең маңызды жинақтамаларының бірі болып саналады. Мұнда қазақстандық бейнелеу өнерінің алтын қорына енген отандық суретшілердің жұмыстары ұсынылған. Музей мақтанышы – әлемдік өнер шеберлерінің туындылары - 17-19 ғасырлардағы голланд, ағылшын, француз шеберлерінің суреттері мен гравюралары. Мәскеу коллекционері Ю. Невзоровпен кездесу мұражай үшін, шынымен, ең маңызды оқиға болды. Оның отбасы мұражайға 569 өнер туындысын сыйға тартты, ішінде Саврасов, Шишкин, Куинджи, Левитан, Брюллов, Крамский және т.б. қылқалам туындылары бар. Музей 19 ғасырдың сәулет ескерткішінде орналасқан.
“Киелі Абай елі” кітабынан.