
Есептік кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,3% болды.
Оның ішінде нақты сектор 2,7%-ға, ал қызмет көрсету саласы 5%-ға өсті.
Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр, әсіресе, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салалары ең жоғары өсім көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны – 19,2%.
2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ға өсіп, $10,3 млрд болды.
Мемлекеттік бюджетке шамамен 3,4 трлн теңге кіріс түсті.
Премьер-Министр ел экономикасы жыл басынан бері орнықты өсім көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, нақты секторда оң және тұрақты динамика байқалып отыр.
Есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамика Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады.