
Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатарында қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы да болған. Мұнда 4 мыңнан астам өте сирек кездесетін кітап сақталған. Хронологиялық тұрғыдан әдебиеттер тізімі XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырды қамтиды. Мәдениет және спорт министрлігі ерекше кітапханалар туралы ТОП-5 жариялады. Оның ішінде Абай облысының кітапханасы да бар.