
Ведомство басшысы Ернар Сейдімбектің айтуынша, облыстың барлық аудандары адвокаттық қызметпен қамтылған. Бүгінде облыс бойынша барлығы 116 адвокат бар.
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ернар Сейдімбек сондай – ақ адвокаттар өз өкілеттіктерін кеңейткенін хабарлады.
2022 жылғы маусымнан бастап мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар тобы кеңейтілді. Енді адвокаттар жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, азаптау, терроризм актісі құрбандарына, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, оларға теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылдарына қатысқан ардагерлерге, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, I және II топтағы мүгедектерге көмектесе алады,- деді Ернар Сейдімбек.
Сонымен қатар облыстың барлық аудандары нотариаттық қызметпен де қамтылған. Облыста 119 нотариус жұмыс істейді.
- 2022 жылғы қаңтарда "Нотариат туралы" Заңға түзетулер енгізіліп, нотариаттық іс-қимылдардың экстерриториалдылығы, атқарушылық жазба жасау кезінде нотариус қызметінің аумағын сақтау қажеттілігіне қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл түзетулер нотариаттық іс - әрекеттерге қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге және азаматтардың өтініштерін азайтуға бағытталған, - деп атап өтті Ернар Сейдімбек.