Нұрлан Ұранхаев - Абай облысының әкімі

Нұрлан Ұранхаев - Абай облысының әкімі

Еліміз үшін ғылыми әлеуеті зор Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның түйткілді мәселелерін шешу біздің басым бағыттарымыздың бірі болып табылады.

Курчатов – Қазақстанның басты ядролық физика орталығы болып табылады. Сіздегі ғылыми, адами ресурстарыңыз бен тәжірибе алаңдарыңыз, қалыптасқан халықаралық қатынастар «Бейбіт атом» идеясын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік береді.

Демек, 25-жылда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, біз ғылымды дамыту бағытына да ерекше назар аударатын боламыз.

Естеріңізде болса, бірер күннен кейін, 16-шы наурызда, Президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай облысын» құру туралы шешім қабылданғанына бір жыл толады.
Ресми құрылған күнімізден бастап, біз, аз уақыт ішінде, бағыт-бағдарымызды айқындап, экономикамызды нығайту тетіктерін саралап шықтық. Президент тапсырмасымен, тез арада, бес жылдық Кешенді жоспар қабылдадық!

Өткен жылы облыс бойынша 340 мың м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде Курчатов қаласында 3503 м2.

«Жайлылық технологиясы» ЖШС өз қаражаты есебінен Тәуелсіздік көшесі, 23 мекен-жайындағы 64 пәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылы 48 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту жоспарланған.

️Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесуінен