
Оның ішінде ағымдағы жылға 57 нысан, оның ішінде 34 медициналық пункт, 14 дәрігерлік амбулатория және 9 фельдшерлік-акушерлік пункт.
️Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысы барысында атап өтті.
️Өңір басшысының айтуынша, осы жылға жоспарланған барлық 57 нысан бойынша жер учаскелері рәсімделді.
Жобалық – сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткеннен кейін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұйымы жобаларды байланыстыруды жүзеге асырады, оған облыстық бюджеттен 560 млн теңге бөлінді.
Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі тұрақты бақылауда.