Биыл Семейде 32 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл Семейде 32 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Сондай-ақ, биыл бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына муралдар бейнеленетін болады.

Мысалы, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Момышұлы, Қ. Сәтбаев көшелеріндегі үйлерге сол ұлы тұлғалардың бейнелері бар муралдар салынады. Сонымен қатар, №1 шағын аудандағы бірнеше үйдің қабырғаларына Абай облысының көрікті жерлерінің суреттері бейнеленеді, - деп хабарлайды Семей қаласының әкімдігі.