
Семейліктерге Зәуреш Рамазанқызы Исабаеваның есімі жақсы таныс. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, ұзақ жылдар бойы қалалық ішкі саясат бөлімінде қызмет етті, білім бөлімінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, тілдерді оқыту орталығының директоры болды. Қазіргі күні Абай облысының лингвистикалық орталығын басқарып отыр.
- «Әйелдің қырық жаны бар» дейді ғой халқымыз. Ең алдымен білім мен ізденіс керек. Адам қанша жасқа келсе, сонша үйренеді. Өмірден, өзгелерден, жастардан үйренеді. Сонымен қатар оптимистік көңіл-күй керек. Әйел адам өмірін көркем етіп сүру үшін өмірді жақсы көруі керек, өзін, денсаулығын күтуі қажет.