Әдемілікке құштар жан

Әдемілікке құштар жан

Меруерт Заманбекқызы Оразғалиева - Үржар ауданындағы «Ильбис» сауда дүкенінің иесі.

Ол 1971 жылы Аягөз ауданының Таскескен ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы тері-жүн колледжін, Тараз мемлекеттік университетін аудит және есеп мамандығы бойынша тамамдаған.

- Бизнеспен 2013 жылдан бері айналысамын. Алғашқыда Семей қаласында текстиль сатып бастадым, кейін әйелдер және ерлер киімін сататын бутик аштым. Бұған дейін Жарма ауданында, Шар, Семей қалаларында тұрдық, түрлі мемлекеттік мекемелерде есепші болып жұмыс істедім. Маған әйелдердің әдемі болуына көмектескен ұнайды. Сондықтан осы салаға келдім,- дейді Меруерт Заманбекқызы.