
Саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған Зульфия Жамалтдинова, бүгінде «Қазақстан әйелдері күштері Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі жанынан ашылған Абай облысы әйелдері көшбасшылық мектебінің басшысы қызметін абыроймен атқарып отыр.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына орай партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота бөлінді. Бұл әйелдерге берілген мол мүмкіндік деп білемін. 30 пайыз емес, 50 пайыз үлес берілсе де артықтық етпейді. Себебі әйел әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен сымбаттылықтың ғана емес, тазалық пен тәртіптің символы,- дейді З.Жамалтдинова.