Семейлік Арайлым Әлімжанова Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген «Аруана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпазы атанды

Семейлік Арайлым Әлімжанова Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген «Аруана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпазы атанды

️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік шараға барысында «Аруана» үздік әйелдер жобасының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл марапат әртүрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген іскер әйелдерге он номинация бойынша табысталды.

Мемлекет басшысы өзі тапсырған он марапаттың ішінде жерлесіміз «Жарқын Болашақ» коррекциялық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Арайлым Әлімжанова «Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Жарқын Болашақ» коррекциялық қызмет көрсету орталығы 2018 жылы ашылды. Орталық аутизм, жүйке жүйесінде және сөйлеуінде тежелуі бар балаларға арналған. Балалардың дене шынықтыру жатығуларын жасауға барлық жағдай қарастырылып, логопед, психолог, дефектолог тағы басқа мамандар жан-жақты сапалы қызмет көрсетеді.

Семей қаласында орналасқан орталықта қазір 2-8 жас аралығындағы 60 бала бекітілген кесте бойынша арнайы ем-шара қабылдайды. Орталыққа келген әр балаға жеке оңалту бағдарламасы жасалып, күнделікті мамандармен бірлесе жұмыстар жүргізіледі. Орталық әлеуметтік қызметі жүзеге асырып, балалардың қоғамға бейімделуіне зор үлес қосып келеді.