Абай облысында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында елді мекендерден 620,8 мың м3 қар шығарылды

Абай облысында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында елді мекендерден 620,8 мың м3 қар шығарылды

Абай облысында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында елді мекендерден 620,8 мың м3 қар шығарылды, оның ішінде:

Семей қаласы – 368,3 мың м3;
Аягөз ауданы – 45,7 мың м3;
Бородулиха ауданы – 53 мың м3;
Жарма ауданы – 47,5 мың м3;
Көкпекті ауданы – 20 мың м3;
Үржар ауданы – 50,3 мың м3.

Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында барлығы 166 көпір және 1730 су өткізгіш құбыр бар, оның ішінде:

- республикалық маңызы бар жолдар: көпірлер – 63, су өткізгіш құбырлар – 548 дана;
- облыстық маңызы бар жолдар: көпірлер – 24, су өткізгіш құбырлар – 674 дана;
- аудандық маңызы бар жолдар: көпірлер – 79, су өткізгіш құбырлар – 1056 дана.

6 наурыздағы жағдай бойынша 113 көпір (68%) және 1189 су өткізгіш құбырлар (80%) тазартылды.

Қар шығару және су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстары күн сайын жүргізілуде, су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі тұрақты бақылауда.