
️2023 жылғы 1-3 наурызында Алматы қаласында «Ең үздік жыл психологы» республикалық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгерген, дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау болды.
Абай облысынан 4 педагог-психолог қатысып, оның ішінде 2-уі жүлделі орынға ие болды.
3 жылдан 5 жылға дейінгі санатта 2-ші орынды Ақсуат ауданы, «Сасан би атындағы орта мектеп» КММ педагог-психологы
Жанерке Қайратқызы Аскергалиева иеленді;
7 және одан да көп жыл санатында 3-інші орынды Үржар ауданы
«Б. Майлин атындағы орта мектеп-бақша» КММ педагог-психологы
Айгүл Балгарияқызы Сапарбаева иеленді.
️Байқауда педагог-психологтар өздерінің авторлық бағдарламаларын қорғады, онда тапсырмалар мен жаттығулар кешенін таңдаудың өзектілігі, ғылыми негізділігі ескерілді.
️Педагог-психологтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!