Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Ағымдағы жылдың 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында дәстүрлі  түрде «Дарынды балаларға -талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. 

Мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін арттыру және өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру. 

Абай облысынан аталған педагогикалық олимпиаданың ережесіне сәйкес еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын жас педагог, психолог, тәлімгер  бағыттары бойынша төрт жас маман қатысты. «Тәлімгер» бағыты бойынша Үржар ауданы, «Б.Жүнісов атындағы мектеп-балабақшасы»  КММ тәлімгері Жапарова Назым Берікболқызы жүлделі 3-орынды иеленді.