
️Абай облысы бойынша "109" бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды, ол бойынша 2023 жылғы 19 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.
Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталық - демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейді.
Telegram-Bot арқылы сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін қызмет қол жетімді (https://t.me/vote_abai_bot ) бұл қызметті пайдалану үшін Telegram арнасында тіркелгі қажет.