
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейіне Бибігүл Төлегенованың антологиясын қабылдау рәсімі өтті.
2022 жылдың желтоқсан айында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен және «Ақ Ертіс» қоры Абай облысында алғашқы жаңа жылдық бал өткізді. Шара аясында Абай облысындағы жетім балаларды қолдау мақсатында аукцион ұйымдастырылып, оның нәтижесінде жиналған 35 миллион теңгеден астам қаржы балаларға арналған арнайы шоттарға аударылды. Қайырымдылық аукционындағы лоттардың біріне әйгілі жерлесіміз Бибігүл Төлегенованың бірегей жеке антологиясы ұсынылды.
Аукцион нәтижесінде кәсіпкер Рафаил Хазипов құнды лоттың иегері атанып, оны Семей қаласына сыйға тартамын деген болатын.
Антологияны қабылдау рәсімінде музей директоры Қайрат Сабырбаев өмірі әнмен әдіптеліп, өнермен өрнектелген әйгілі жерлесіміз орындаған туындылар енген антология құндылығы туралы айтты.
️Бұдан соң жәдігерді қабылдау актісіне салтанатты түрде қол қойылды.