Абай облысы әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтауы

Абай облысы әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.

Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білу біз үшін ұлы парыз. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналып, еліміз - тыныштық пен татулықтың мәңгілік мекені болсын!

Ризашылық білдіру, алғыс айту – мәдениет пен адамгершіліктің ең бір асыл көрінісі. Алғысқа тарылмау - қоғам үшін кемелдіктің, ал жеке адам үшін тектіліктің белгісі деп білемін!

Отбасыңызға амандық, денсаулық пен бақыт, жаңадан құрылған Абай облысына өркендеуін тілеймін!

Береке-бірлігіміз, ырыс-ынтымағымыз нығая берсін!

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев