
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен багажды тасымалдау Қағидалары» негізінде. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдеде № 11550 тіркелген «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2023 жылғы 30 наурызда өтетін Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль тасымалдарына қызмет көрсету құқығына конкурс жариялайды.
️Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша қабылданады: Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110, № 318 кабинет, электрондық адрес: transportabai@mail.ru.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 17 наурыз 2023 жыл.
Конкурсқа мынадай маршруттар пакеттері (маршруттар) қойылады:
Конкурсқа келесі бағыттар пакеттері қойылады:
Лот № 1
Семей – Зайсан, ұзындығы – 471 км
Семей – Шүлбі кенті, ұзындығы – 72 км
Лот № 2
Семей – Маканшы-Барлық-Арасан, ұзындығы – 600 км
Семей – Жезкент, ұзындығы – 125 км
Лот № 3
Семей – Старая крепость, ұзындығы – 17 км
Лот № 4
Аягөз – Алматы, ұзындығы – 788 км
Лот № 5
Семей – Астана Павлодар арқылы, ұзындығы - 751 км
Лот № 6
Семей – Риддер Өскемен арқылы, ұзындығы – 298 км
Лот № 7
Семей – Ақсуат, ұзындығы – 409 км
Лот № 8
Семей – Қарауыл, ұзындығы - 192 км
Лот № 9
Семей – Әуезов Шар арқылы, ұзындығы – 158 км
Осы Қағидалардың 3, 4 және 5-параграфына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар:
1) Шетелдік, оның ішінде отандық өндірістің жылжымалы құрамы (меншікті, жалға берілетін не шарт бойынша, паспорттық сыйымдылығы);
2) тасымалдаушының жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі;
3) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының аумағында орналасқан жылжымалы құрамды (меншік, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететін) сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның болуы;
4) маршрут бойынша жүру кезінде ақаулар болған жағдайда автобустарды, шағын автобустарды ауыстыру бойынша ұсынылып отырған шаралар жүйесі (резерв және т. б.);
5) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін бейімделген орындарға арналған балдар қосымша ескерілетін болады.
6) жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру бойынша қосымша ұсыныстар.
Конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам (резервтен басқа) және жүргізуші персонал осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін бір маршруттан артық көрсетілмейді.
Қатысушылардың жылжымалы құрамды (резервтік құрамнан басқа) және жүргізуші персоналды конкурстық ұсыныстарда осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін бір маршруттан артық көрсету фактілері анықталған жағдайда, кейіннен тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептеледі.
Анықтама алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады:
8 777 020 44 99
8 701 553 26 27