
Бұл туралы Абай облысы бойынша медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов бөлісті. Оның айту бойынша бір науқасқа 1 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
️Жыл сайын ақпанның соңғы күні бүкіл әлемде Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні болып табылады. Бұл ауруларға гемофилия да жатады.
Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі – Жұлдыз Бешімбаеваның айтуы бойынша, гемофилиямен ауыратын барлық науқастарға шұғыл көмек гематологпен кеңесу және қажетті зерттеулер, алмастыру терапиясы мүмкіндігі бар мамандандырылған құрылымдарға сәйкес емдеу мекемелерінің бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
- Науқастар дәрі-дәрмекті амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету орталығынан ала алады. Қазіргі уақытта науқастардың дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілуіне байланысты қан кету сияқты асқынулар өте сирек кездеседі, - деді Жұлдыз Бешімбаева.