Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратовтың сөйлеген сөздерінен

Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратовтың сөйлеген сөздерінен

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде ауданның 16 жастарына 2,5%-дан төмен микрокредит беру жоспарланған.

Қоянбай, Морозовский орман шаруашылығы және Баскөл ауылдарын кең жолақты интернетке қосу үшін жақын маңдағы елді мекендерді қамтитын антенна-діңгектік құрылымдарды орнатуға ЖСҚ әзірленді.

2023 жылға арналған сумен жабдықтау желілерін салу жоспарлары:
1) екінші кезеңде Бесқарағай ауылында
2) Жетіжар ауылында
3) Ерназар ауылында

Ағымдағы жылы Канонерка, М-Владимировка, Бозтал, Башкөл және Кривинка ауылдарының су құбырын қайта жаңғыртудың ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.

2023 жылы Бесқарағай ауылында жеке құрылысшылар есебінен бес пәтерлі 2 және бір пәтерлі 2 тұрғын үйлер салу жоспарлануда. Жалпы ауданы 1176 м2.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 7 шақырымға тиесілі аудандық маңызы бар жолды жөндеу жоспарланған:
1) Өндіріс ауылына кіреберіс
2) Жыланды ауылына кіреберіс
3) Қарабас ауылына кіреберіс

Аудан орталығындағы жоба бойынша 90 балаға Айналайын бөбек-жайында күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарлануда.

Жыланды, Кривинка, Глуховка, Канонерка мектептерінде әрбірінде 15 балаға және Жетіжар ауылында 25 балаға шағын орталықтар ашу жоспарлануда.

Беқарағай ауылында 300 орындық жаңа жайлы-мектеп салу және 2024 жылы «Борас орта мектеп-бақшасындағы» 384 оқушыны жаңа мектепке ауыстыру жоспарлануда.

Шошқалы көлінде мектеп оқушыларын жыл бойы қамтитын 400- орынға сауықтыру лагерін салу жоспарлануда.

Аудан орталығында Өнер мектебі мен Шығармашылық үйіне жаңа 150 орынға типтік ғимаратын салу жоспарлануда.

Қарағайлы және Долон ауылдарында дәрігерлік амбулатория және медициналық пункт ғимараттарын салу жоспарлануда.

Болашақта Қарабас, Жетіжар, Ерназар, Өндіріс, Стеклянка, Қоянбай, Белокаменка, Қара-Мырза, Баскөл ауылдарында медициналық пункттер салу үшін ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.