
️Бұл туралы Абай облысы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин атап өтті.
Жүзеге асырылуы жоспарланып отырған 6 ауыспалы инвестициялық жоба:
1. Жаңа Шүлбі ауылы «Красный партизан» ШҚ» ЖШС-де 2023 жылы 10 жұмыс орыны құрумен жылына 16 мың тоннаға арналған қоймасы бар астық кептіру қондырғысын салу
2. Бородулиха ауылындағы "Зейтенов" ШҚ-да 2023 жылы 3 жұмыс орнын құра отырып, қуаттылығы жылына 40 тонна құрайтын май цехын салу
3. Жаңа Шүлбі ауылы "Лазарев и К" ЖШС-де 2024 жылы 10 жұмыс орнын құрумен 100 бас сүтті мал тұқымын сатып алу және 15 жұмыс орнын құрумен күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша май өндіру желісін салу
4. Песчанка ауылы "СФ Песчанка" ЖШС-де 2025 жылға дейін 10 жұмыс орнын құрумен өндірістік қуаты жылына 2200 тоннаны құрайтын 400 басқа арналған сүт тауар фермасын салу
5. Белағаш ауылы "Масло дел" ЖШС-де 2026 жылға дейін тәулігіне 250 тоннаға дейін шикі сүтті қабылдау және қайта өңдеу бойынша сүт зауытын салу және 100 және одан да көп жұмыс орнын құра отырып, құрғақ сүт пен сары май өндіру
6. Бородулиха ауылы «Петров ШҚ» ЖШС-де 2024 жылға дейін 8 жұмыс орнын құра отырып астық ағынын салу