Алқабилер институтының қызметі тек заң ғана емес, саяси сипатқа ие екенін айта кеткен жөн

Алқабилер институтының қызметі тек заң ғана емес, саяси сипатқа ие екенін айта кеткен жөн

Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейде өткен « Алқабилер соты. Бүгіні мен ертеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.

- Алқабилер институтының жұмысы сот процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді, халыққа мемлекеттік биліктің үшінші тармағын бақылауға мүмкіндік береді.
Халықтың сотқа деген сенімінің артуы сот жүйесінің әрбір қызметкерінің кәсіби шеберлігіне, тәжірибесіне, ұлтжандылығына, заңды сақтауына және күнделікті тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты, - деді алғы сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң әзірленіп, алқабилердің қатысуымен істерді қарауды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге жіберілді, - деді Қайрат Чакпантаев.

Төраға, Қазақстанда алқабилер институты 2007 жылдың басынан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Оның құзыретінің кеңейтудегі негізгі мақсат – сот төрелігін жүзеге асыру процесіне барынша көп азаматтарды тарту және сот жүйесін демократияландыруға ықпал ету.

️Жиынға халықаралық ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, ҚР Жоғарғы сотының өкілдері, сондай-ақ Абай облысы соттарының төрағалары, басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.