
Қалбатау ауылының Достық көшесінің, Шар қаласының Қабанбай көшесінің жолдары орташа жөндеуден, Қалбатау ауылы және Шар қаласының көше жолдары ағымдық жөндеуден өтті.
Аудан әкімінің айтуынша, 2023 жылы аудандық маңыздағы Бірлік-Қаражал ауылдары арасындағы жолдарды облыстық бюджет есебінен орташа жөндеу және «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Жаңғызтөбе кентінің 11,5 шақырым көше жолдарын жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бірлік, Шалабай ауылдарында бір көшеден жөндеуге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізіледі.