
️Абай облысы - қазақ халқының үш алыбы - Ұлы Абай, данышпан Шәкәрім және кемеңгер
Мұхтар туған киелі мекен.
Абайсыз қазақ халқының философиялық, тарихи, этникалық дүниетанымын жеткізу мүмкін емес.
Семей қонақтары асыға баратын алғашқы орындардың бірі - Абай алаңы мен ақынға арналған
ескерткіш. 2020 жылы «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» монументі қаланың көрікті жерлерінің
қатарын көбейтті. 19 ғасырдың аяғында Абай дәуірінен бастау алатын, артына мол мұра
қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ еліне философия, тарих және поэзия әлемінің есігін
ашып берді.
️Оның ескерткіші Семейдің орталық саябағында орнатылған. М. Әуезовтың тағдыры
да Семеймен тығыз байланысты. Сол жағалаудың орталығында - жазушыға арналған ескерткіш
пен алаң бар. 2022 жылы Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев М.Әуезов пен Қ.Мұхамедхановқа
арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін ашты.