
Семей қаласының әкімдігі тұрғындардың 2024 жылға арналған "Халық қатысатын Бюджет" жобасы бойынша өтінімдерін 2023 жылдың 1 наурызына дейін қабылдайды, оның шеңберінде азаматтар жергілікті бюджетті бөлуге қатыса алады.
Автор тек бір ғана жобалық ұсыныс бере алады.
Жобалық ұсыныстар қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында «Қатысу бюджеті 2023» бөлімінде https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/bnu/668?lang=ru электронды түрде беріледі.
Автор жобалық ұсынысқа болжамды немесе дәл сметалық есебін, жобаның фотосуретін/эскизін/макетін/схемасын қоса беруі керек.
Өтінім үлгісі сайтта тіркелген. Байланыс телефондары: "Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ 52-12-48, "Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ 35-36-53.
Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына сілтеме