Түркия Республикасында болған қайғылы оқиғаға байланысты бауырлас халықты қолдау акциясына «Елімай» футбол клубы да қосылған болатын.
Зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін клуб баспанасыз қалған жандарға киіз үй жіберілгені туралы клубтың бас бапкері Самат Смақов Instagram-парақшасында хабарлады.