
️ Тұжырымдама бойынша қалаларда қолжетімді жерлерден жаңа спорттық инфрақұрылымдық нысандарды (жүгіру және велосипед жолдары, спорттық алаңдар), өңірлерде бұқаралық спорт орталықтары мен ауылдық жерлерде модульдік спорт ғимараттарын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қатысуға ниет білдірушілерді кеңінен тартып және өткізілу кестесін медиа кеңістікте хабарлай отырып, спорттық-бұқаралық шаралар мен спартакиадалар өткізуге де назар аударылатын болады.
️ Туризм саласын дамытуға қатысты республиканың негізгі 10 турдестанициясында инфрақұрылымдарды жаңғырту, сервис сапасын арттыру, халықаралық аренада еліміздің туристік әлеуетін ілгерлету және т. б. шараларды іске асыру көзделіп отыр.
️ Сонымен қатар жаңа әуе бағыттарын ашу, туристік қызметтерді цифрландыру, қонақ үй бизнесінде және саланың басқа секторларында стандарттарды арттыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.
2030 жылға дейін барлық шараларды іске асырудың нәтижесінде:
️ ішкі туристердің санын 11 млн адамға дейін арттыру,
️ шетелдік туристерді 4 млн адамға дейін арттыру,
️ салада жұмыспен қамтуды 800 мың адамға дейін арттыру,
Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісіне сәйкес туризмді дамыту бойынша Қазақстанды әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосу көзделіп отыр.