Абай облысының әкімі ТВК-6 телеарнасына барып, медиахолдингтің жұмысымен танысты

Абай облысының әкімі ТВК-6 телеарнасына барып, медиахолдингтің жұмысымен танысты

Өңіріміздегі алғашқы коммерциялық телеарна тек Семейде ғана емес, қаладан тыс жерлерде де танымал. 1991 жылы ашылған арна қазіргі күні цифрлық форматқа көшу арқылы хабар таратуды жалғастыруда.

Облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев телеарна басшысы Омарбек Байуақовпен кездесіп, ТВК-6 медиахолдингін дамыту перспективаларын талқылады.

- Телевизияны дамыту және халыққа арналған бағдарламалар жасау қажет. Халықты ақпараттандыру, халық пен билік арасында көпір болу басты міндеттердің бірі болып табылады. Форматты өзгертетін уақыт келді. Қаланың да, облыстың да, арналардың да өзгеруі қажет, – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Холдингке телеарнадан басқа екі мерзімді басылым - "Ертіс өңірі" және "Спектр" газеттерінің редакциялары да кіреді. Екі баспа басылымы аптасына бір рет медиахолдингтің жеке баспаханасында шығарылады.

Баспа орталығында Нұрлан Ұранхаев станоктың жұмысымен танысып, газет шығаруға жауапты инженер-технолог Виктория Сауровамен сөйлесті.

Сондай-ақ, облыс басшысы екі газет ұжымымен баспа басылымдарының одан әрі даму перспективаларын талқылады.

️Абай облысының құрылуымен газеттер оқырмандар аудиториясын облыстың барлық аудандарында кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін өңірдің әртүрлі елді мекендерінде корреспонденттік пункттер ашу қажет. Сонымен қатар, хабар тарату аумағын кеңейтуді телеарнада да жоспарлануда.