Абай облысының Үржар ауданында Ауған соғысының жауынгерлеріне құрмет көрсетілді

Абай облысының Үржар ауданында Ауған соғысының жауынгерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Үржар аудандық Мәдениет үйінде Ауған жерінен бұрынғы Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай мерекелік шара өтіп, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүлшоқтары қойылды. Патриоттық шараға Ауған соғысының ардагерлері, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұхаметқали Бітімбаев, аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін Ауған соғысы ардагерлерін аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтың «Алғыс хатымен» марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

️Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Дәурен Зурманов пен Ауған соғысы ардагерлерінің «Айбын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақжолтай Архабаев құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінің мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты.