
️Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алу мақсатында Абай облысының Бесқарағай ауданында «Ардагерлерге тағзым» атты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Талғат Мұратов, Ауған соғысының ардагерлері мен жақындары және ауыл тұрғындары қатысты.
️Алдымен соғыстан оралмаған жауынгерлердің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Содан кейін, аудандық мәдениет үйінде Талғат Мұратов жергілікті Ауған соғысының ардагерлерін марапаттап, мерекемен құттықтады. Қатысушылар аудандық Мәдениет үйі тарапынын ұйымдастырыдған концерттік бағдарламаны тамашалады.
️Айта кетер болсақ, кеше жастар арасында аталмыш күнге орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Шағын футболға Семей қаласынан, Курчатов, Көкпекті аудандарынан топтар қатысты.
️Бүгінгі күні Бесқарағай ауданында 20-дан астам Ауған соғысының ардагерлері бар.