
Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақсуат ауданының әкімі Асхат Смаилов 2022 жылы жеке инвестициядан 4,8 млрд теңгеге жуық қаржы түскенін атап өтті.
️Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,1 млрд теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 115%-ға өсті. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 3,1 млрд теңге (39%) және жеке инвестиция есебінен 4,8 млрд теңге тартылған.
– Жеке қаражат есебінен тартылған инвестициядан 2529,0 млн теңге (51%) ауыл шаруашылығына, 1459,0 млн теңге (30%) тұрғын үй құрылысына және 956,0 млн теңге (19%) кәсіпкерлікке бағытталды, – деп атап өтті Асхат Смаилов.
Егер бюджет қаражаты есебінен тартылған инвестиция көлемі 2021 жылғы көлемде қалса, жеке қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 127%-ға артқан.