Абай облысының 41 тұрғынына «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы сертификат табысталды

Абай облысының 41 тұрғынына «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы сертификат табысталды

️«Табысты отбасы» әлеуметтік жобасынның екінші легіне қатысқандар мастермайнд, консультацияларды, жеке дамуы бойынша тренингтерді және ең бастысы SMM-12, Бьюти индустрия-16, Кондитерлік ісі-7, Тігін ісі-5 және Автоэлектрик-1 сияқты бес бейінді бағыт бойынша оқытуды қамтитын кешенді оқыту айынан сәтті өтті.

️Салтанатты шараға облыс әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілдері, қоғам белсенділері, бизнес-тренерлер мен жоба тәлімгерлері қатысты. «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері және жоба авторы Айжани Нұрланова екінші лектің түлектерін онлайн форматта құттықтады.

- Бұл жоба қызықты, өйткені ол үйде жұмыс істеуге мұқтаж адамдардың нақты санатын қамтиды. Бір айда қатысушы бейіндік бағыт бойынша да, істі дамыту бойынша да қажетті білім алады, дамуға үлкен ынталандыру алады, - деді, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық желімен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Жоба шеңберінде қатысушыларға алдағы күндері 150 АЕК сомасына жабдықтар жиынтығы беріліп, сондай-ақ үш ай ішінде істі енгізу және дамыту мәселесінде тәлімгерлер қолдау көрсетеді.

- Мен мұндай жобаға алғаш рет қатысып отырмын, «SMM» бейіндік бағытын таңдадым. Шынымды айтсам, мен жобадан күткеннен де көп нәрсе алдым. Бір ай оқығаннан кейін мен әлеуметтік медиа менеджері болумен қатар, өз ісімді жүргізу туралы үлкен білім алдым, желінің не екенін түсіндім, бизнес-жоспар құруды және жеке дамуды үйрендім. «Табысты Отбасы» жобасының барлық ұйымдастырушылары мен демеушілеріне алғысымды білдіремін, - деп ерекше қажеттіліктері бар баланың анасы, Абай облысының тұрғыны, Элмира Даутова жоба туралы өз әсерімен бөлісті.

«Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын іске асыру кезендері туралы ақпарат БАҚ бетінде және @tabysty.otbasy жобасының инстаграм-парақшасында орналастырылады.