
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Абай облысы бойынша филиалының мамандары айтты.
Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері және 18 жасқа дейінгі студенттер білім беру ұйымдарында тексеріледі. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі. 0 жастан 5 жасқа дейінгі балалар денсаулығы мен дамуын кешенді тексеруді көздейтін жоспарлы іс-шаралармен қамтылады. Медициналық тексерудің негізгі міндеті - мүмкін болатын аурулар мен патологияларды анықтау, баланың физикалық және жүйке-психикалық дамуын бағалау, сондай-ақ аурулардың алдын алу және оларға ықтимал бейімділікті анықтау.
Скрининг, 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерде зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтау үшін жүргізіледі. 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдердегі диагнозы негізінде динамикалық бақылауға алынбаған артериалдық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау. Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер. Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер. Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер, В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау.
️«Скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады. Скринингтік зерттеулердің кей түрі бес жыл сайын, кейбірі екі немесе төрт жыл сайын жасалады. Бұл мерзім әр аурудың даму қарқынына қарай белгіленген. Скринингтік зерттеудің нәтижесінде денсаулығынан ақау табылған науқастар салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болғанда ем тағайындалады», —дейді Абай облысы бойынша ӘМСҚ филиалында.
-Ауыл тұрғындарын медициналық тексерулермен және скринингтік тексерулермен қамту мақсатында ауылдық емдеу мекемелері мен жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы күшейтілмек, - деді Абай облысы ӘМСҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.