Адамдар үшін қала

Адамдар үшін қала

Семейде жайлы орта құруға және "адамдар үшін қала" тұжырымдамасын іске асыруға баса назар аудара отырып, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру қажет.

Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовпен қалалық саябақтарды аралау барысында атап өтті.

💬- Семей қаласы- облысымыздың орталығында тұрғындардың күндіз де, кешке де демалуына жағдай жасауымыз қажет. Ландшафт дизайнын ескере отырып, шағын сәулет нысандарын пайдалана отырып, инфрақұрылым құруға назар аудару қажет, - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.