КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕЛЕРГЕ 1500-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕЛЕРГЕ 1500-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары Курчатов қаласына барды. Оқушылар үшін «Ақыл-ойдың алыбы», «Семей: өткен ғасырға саяхат» және «Туған өлкенің табиғаты» тақырыптарында жылжымалы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушылардың назарына палеонтологиялық экспонаттар, қазақ халқының этнографиясы бойынша жинақтар ұсынылды.

Курчатов қаласының Білім бөлімінің және Мәдениет үйінің басшылығымен көрмелерді өткізу кестесі жоспарланып, ұйымдастырылды. Қазақ және орыс тіліндегі экскурсиялар екі күнге созылды. Бір жарым мыңнан астам оқушы үлкен қызығушылықпен жылжымалы көрмелерді тамашалады. Оқушылардың алған әсері ерекше болды. Балалар музей мамандарының Семей қаласының тарихы мен сәулет құрылыстарының тарихы, Туған өлке, Абайдың өмірі, шығармашылығы мен отбасы тақырыбындағы экскурсияларын қызығушылықпен тыңдады.